Главная » Статьи » Кино

Қос ғашық "Көлдің жағасында" атты фильмге түсіп жатыр

Қос ғашық "Көлдің жағасында" атты фильмге түсіп жатыр

Ең атақты голливудтық жұп кино сахнасында тағы да бірігіп өнер көрсетпек. Интернет беттерінде Анджелина Джоли мен Брэд Питттің махаббатын баяндайтын фильмнің алғашқы кадрлары көрсетілуде.

70 жылдардағы «Көлдің  жағасында» деп аталатын картинаның режиссері әрі сценариін жазушы Джолидің өзі. «Entertainment Weekly» компаниясы тек киноның алғашқы кадрларын көрсетіп қоймай, фильмнің қысқаша мазмұнын жазды: Көп уақыт бимен айналысқан Ванесса мен жазушы күйеуі Роланд екеуінің қарым-қатынасы нашарлай береді. Араларындағы махаббат отының тұтануына кішкене қалаға жасаған саяхаттары себепші болады. Бұл жерде екеуі жаңа тұрғындармен танысып, жаңа өмірге сіңіседі. Киноның қашан жарыққа шығатыны әлі белгісіз.

Жақында заңды түрде некесін қидырған ғашықтар көп уақыт бойы бірге болса да, кино әлемінде тек «Смит мырза мен ханым» атты комедия да ғана жолдары түйіскен еді. Аталған фильмнің шығуын жұрт асыға күтуде. 

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Сурет: buro247.kz

Категория: Кино | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 620 | Рейтинг: 0.0/0