Главная » Статьи » Кино

«Еуразия» кинофестиваліне 170 кинофильм қатысады

Х Халықаралық «Еуразия» кинофестиваліне көптеген елден 170 кинокартина қатысады, деп хабарлайды massaget.kz тілшісі фестивальдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау бағдарламасына Еуропа, Азия және ТМД елдерінің үздік кинотуындылары енген. «Еуразия-2014» кинофестивалінің іріктеу комиссиясының құрамына сценарист, режиссер, актер әрі продюсер Серік Апырымов, сценарист, режиссер Ғазиз Насыров, сценарист, режисер әрі продюсер Нариман Төребаев, кинотанушы журналист Галина Леонтева және қазылар алқасының төрағасы жазушы, кинодраматург, «Қазақфильм» киностудиясының бас редакторы Дидар Амантай кірген.

  Кинофестиваль 15-20 қыркүйек аралығында өтеді. Оныншы рет өтіп жатқан мерейтойлық фестиваль қазақтың ұлы режиссері Шәкен Аймановтың 100 жылдығына арналады. Атақты қазақ режиссерінің туған күні ЮНЕСКО-ның ресми естелік күндерінің күнтізбесіне енген. Бес күн ішінде өтетін іс-шаралар қатарында Шәкен Аймановтың шығармашылығы мен өміріне арналған көрмелер, кітап-альбомының таныстырылымы, деректі фильм тұсаукесері өтіп, режиссердің ретроспективалық киноленталары ұсынылады.

Кинофестиваль ҚР Мәдениет және Спорт министрлігі мен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының және Алматы қаласы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өтпек.

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: eurasiaiff.kz

Категория: Кино | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 441 | Рейтинг: 0.0/0