Главная » Статьи » Музыка

Әли Оқапов неліктен Джокерге айналды?

 

Танымал әнші Әли Оқапов таяуда өзінің instagram желісінде әйгілі комикстердің кейіпкері Джокерге айналғанын көрсеткен еді. Оқырмандардың тарапынан Әлидің неліктен комикс кейіпкеріне айналғаны жайлы сұрақтары туындады. Ал бірі тіпті фильмге түсіп жатыр деген болжам жасады. Біз өз кезегімізде бұл туралы Әлидің өзінен сұраған едік.

"«Татьяна» деген журналдың ұсынысы бойынша Джокер болдым. Бұл журналдың жартысы қазақстандық әншілерді өздері ұқсайтын кейіпкерлерге ұқсатып, грим жасап арнайы фотосессия ұйымдастырады. Олар қандай кейіпкерді таңдайтынымды сұрады. Мен сосын өзіме жақын, өзім сол туралы фильмдерді жақсы көретін Джокер деген кейіпкерді таңдайтынымды айттым. Дайындығымыз көпке созылғанымен фотосессиямыз 15 минуттың ішінде дайын болды. Сосын Джокер болып шыға келдім", - дейді әнші Әли Оқапов.

Журналдың бұл айдарының атауы "Жұлдызды өзгерулер" ("Звездные преображения") деп аталады екен. Ал шығармашылық топ пен әнші бұл жобаны дайындауға екі апта бойы еңбектенген. Джокердің суреттерін, видеоларын қарастырып, киімін тігіп, тіпті макияжын жасауды да үйренген екен. Сонымен қатар, ол Джокердің аустралиялық актер Хит Леджердің сомдаған образын ұнататынын айтты (суретте).

Ал журналдың бұған дейінгі қонағы әнші әрі актриса Әсем Жәкетаева болған. Ол ертегі кейіпкері Ақшақар ("Белоснежка") болған еді. 

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: Надежда Головачевская, kfw.kz

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 468 | Рейтинг: 0.0/0