Главная » Статьи » Музыка

Жанар Дұғалова неке жүзігін көрсетті

Таяуда ғана КешYou тобынан бөлек шыққан Жанар Дұғалова неке сақинасын көрсетті. "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатында жұлдыз «Мен тұрмысқа шықтым» дейді.

КешYou тобының экс-солисі Жанар Дұғалова кейін мұның бәрі тек фильмдегі кейіпкерінің тағдыры екенін айтты. Десе де, әлеуметтік желілерде оның сөзін дұрыс түсінбеген тыңдармандары әншіні құттықтап, бақыт тілеуде. Ал уақытша ғана неке сақинасын таққан Жанар 12 сериялы «Махаббатым жүрегімде» атты фильмінің кейіпкерін сомдайды. Мұны әншінің Instagram желісіндегі ресми парақшасынан да көруге болады.

Ал журналистің «Түрлі кештерге барып, болашақ жарыңызбен кездесіп қаламын деп ойламайсыз ба?» деген сұрағына ол сауық кештеріне бармайтынын, себебі уақыты бола бермейтінін жеткізді. 

Естеріңізге сала кетсек, бұл көпсериялы фильм туралы Танымал тележүргізуші, актриса және продюсер Баян Есентаева үстіміздегі жылдың маусым айында өзінің Instagram-дағы парақшасында хабарлаған еді. Телехикая 2014 жылдың күз айларында "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі деп жоспарланған.

Категория: Музыка | Добавил: nazarkasym (01.11.2014)
Просмотров: 494 | Рейтинг: 0.0/0