Главная » Статьи » Музыка

Анджелина Джоли "Африка" атты фильм түсіріп жатыр

Соңғы кездері Анджелина Джоли тек актриса ғана емес, режиссер ретінде де танылуда. Дәл қазір жұлдыз кениялық палеоантрополог Ричард Ликидің өміріне арналған «Африка» атты фильм түсіріп жатыр.

Джоли «Сұлулықтың әлемді құтқаратындығын» бір емес, бірнеше мәрте дәлелдеді. Голливудтық сұлу үшінші әлемге, яғни ЖҚТБ сынды аурулардан емделуге жағдайы жоқ мемлекеттерге көмектеседі.

Өз ортасында танымал болмаған адамның өмірі жұлдызды қызықтырғаны – ерекше жағдай. Ричард Лики британдық археолог және палеонтологтың отбасында дүниеге келген. Оның өмірлік мақсаты – қоршаған ортаны қорғау. Ғалым кениялық сақшылар командасын құрып, олардың көмегімен Қызыл кітапқа енген жануарларды атып жүрген аңшыларды құрықтаған. Мұнымен қатар, ғылыммен айналысып, палеоантропология саласында жаңалықтар ашқан.

«Африка» фильмінің жарыққа шығатын уақыты әлі белгіленбеді. Анджелина соңғы кезде бірнеше жобаны қатар алып жүргендіктен, халықтың оны асықтыруы орынсыз болар еді. Алдымыздағы желтоқсан айында жаңа туындысы жарық көреді. Бұдан өзге өмірлік жары Брэд Питпен бірге дәл қазір «Көлдің жағасында» атты фильмге түсуде.

Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай

Категория: Музыка | Добавил: Admin (31.10.2014)
Просмотров: 412 | Рейтинг: 0.0/0