Главная » Статьи » Музыка

3 жастағы қазақ баласы Ильяс – интернет жұлдызы

2011 жылы дүниеге келген Ильяс Саятұлы интернеттің жұлдызына айналды. Тілі толық шықпаған бүлдіршіннің инстаграмдағы парақшасын бүгінде 11 025 адам оқиды. 

Осыншама адамды Ильяс өзінің өнерімен баурап алды. Қылығы тәтті қазақ баласының әуенге ілесіп билегенін көрген кім-кім де таңғалысын жасырған емес. Жақында 3 жасқа келген баланың музыкалық қабілеті аса ерекше.

 

 

  

Ильяс бишілердің қимылын айнытпай қайталауға тырысады. 

 

Ал бейнебаяндарды мұқият қарайды.

 

Қылығы тәтті бүлдіршіннің талғамы да жоғары. Үнемі жарасымды киінеді. 

 

Ильястың ата-анасы Саят пен Мәриям да өнерден құралақан жандар емес. Біз Саятұлының кішкентай жұлдыздан үлкен жұлдызға айналатынына кәміл сенеміз. Тек тіл-көзден сақтасын!

Дайындаған: Мейіргүл Оңғарова

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 525 | Рейтинг: 0.0/0