Главная » Статьи » Музыка

Мөлдір Әуелбекова КешYOU тобынан екінші рет кетіп қалды

 

КешYOU тобы жаңа құрамын таныстырды. Бұл туралы НТК арнасының revue_ntk парақшасында жарияланды. 

Қазақстанның ең атақты герлз бэндіне жақында ғана қайтып келген Мөлдір Әуелбекованың орнына Жұлдыз есімді қыз келген. Ал топтың желідегі ресми парақшасында топтың продюсері Баян Есентаева топтың жаңа солисімен бірге түскен суретін шығарған. 

Өз кезегімізде Мөлдір Әуелбекованың жарнама бойынша менеджері Перизат Мырзахметке хабарласқанымызда, ол әншінің шын мәнінде топтан кеткенін растады. "Иә, Мөлдірдің топтан кеткені рас. Енді Мөлдір жеке шығармашылығымен айналысатын болды. Негізінде Мөлдір бұл топқа уақытша келген болатын",-деді менеджер.

Топқа келген жаңа әншіні продюсері Баян Есентаева таяу арада толығырақ таныстыратын болады. 

Ал Баян Есентаева бұған дейін желіге Айдана Меденовамен бірге әзірге бізге беймәлім Жұлдыз есімді бойжеткеннің суретін салып, көп нүкте қойған еді. Бұл суреттің астына танымал продюсердің instagram-дағы оқырмандары бұл бейтаныс арудың Мөлдір Әуелбекованың орнын басатынын айтып, болжам да жасаған болатын. Баян Есентаева осыдан екі ай бұрын Мөлдір Әуелбекованы "КешYOU" тобына қайтып қабылдағанын мәлімдеді

Оқи отырыңыз: 

КешYOU тобының құрамы өзгеретін болды

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: revue_ntk

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 327 | Рейтинг: 0.0/0