Главная » Статьи » Музыка

Қазақстандық жұлдыздар жайлы қызықты фактілер

 

Әлеуметтік желілерде қазір «Өзім жайлы 20 факт» деп аталатын жаңа эстафета пайда болды. Талап бойынша, эстафетаны қабылдаған адам өзі жайлы қызықты 20 дерек жазып, үш адамға кезекті беруі тиіс. Massaget.kz қазақстандық жұлдыздар жайлы ең қызықты фактілерді жинастырды.

Әнші Асель Сәдуақасова Қарағанды қаласында туылып, балалық шағын  Жетіқара ауылында өткізген. Болашақ әнші ауылда үйрек баққан екен. Нағыз ауылдың баласы секілді 15 жыл бойы өрістен малды қайырыпты.  

Ал әнші Лидо болса балалық шағында өзінің әдемі болмағанын айтады. Ал сыныбындағы балалар онымен нағыз ер балаларша өз ортасына тартып, дос қылған көрінеді.

Armani сауда белгісін таныстырған тұңғыш қазақстандық модель Алена Субботина болса өзіне қатты ұқсайтын егізі бар екенін және оның да даусы дәл өзінікіндей екенін жасырмады. Оның бала кезіндегі қай суретін қарасаңыз да күліп тұрған бір де бір бейнесі жоқ екен.

Ал танымал тележүргізуші, продюсер Асхат Садырбайдың әкесі миллионер болған. Бала кезінде үйінде ақша қаппен жатады екен. Тек тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әкесінің кәсібі тоқтап қалыпты.

Әйгілі продюсер Баян Есентаеваны 9 рет жұмыстан шығарып жіберіпті. Ал оныншы жұмысында ол өз кәсібімен айналысуды жөн көрген.   

Әнші Мөлдір Әуелбекова түс көрмей ұйықтауды армандайды. Ол әр ұйықтағанында міндетті түрде түс көретінін жазған.

Әнші Меруерт Мүсірәлі 20 келі салмақ тастапты.

Әли Оқаповтың балалық шағы тіптен шытырманға толы. Ол бес жыл бойы лагерьде тәрбиеші болып жұмыс істеген. Бұдан басқа, таксист те болыпты. Ал кейін гүл сатушысы болып нәпақа тауып жүріпті.

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ақша жинай алмайтынын, ақшаға өте салақ екенін жайып салды. Бірақ ол қонақ шақырып немесе өзгелерге сыйлық жасаудан өзіне ләззат алады екен.

Белгілі продюсер Алуа Қонарова болса өзі туралы жаман өсек пен өзі туралы жәй сөздің өзін көтере алмайды екен. Қанша тырысса да бұл қиындықты жеңудің жолын білмей келеді екен.

Әнші Бағым Мұхитденова болса 26 келі салмақ тастай алған! Ол мұның сырын түсіндіре де алмайды. Тіпті диета ұстанбаған, спортпен айналыспаған, арықтататын ешбір дәрі де ішпеген көрінеді.

Аюми тобының әншісі Айдана Шарипханова болса бала кезінде әскери адам болуды армандапты. Мұның себебін ол балалардың арасында өскенімен түсіндіреді. 

Дайындаған: Ардақ Құлтай

Сурет: instagram.com

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 854 | Рейтинг: 0.0/0