Главная » Статьи » Музыка

КешYOU тобының құрамы тағы да өзгеретін болды

 

Таяуда ғана Мөлдір Әуелбекова қайтып келген КешYOU тобының құрамы тағы да өзгеретін болды деп хабарлайды massaget.kz. Бұл туралы топтың продюсері Баян Есентаева өзінің instagram желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.

Қазақ жұлдыздары instagram желісінде белсенді түрде өткізіп жатқан "Мен жайлы 20 факт" эстафетасына қатысқан Баян Есентаева топтың құрамы өзгеретінін де бір факт ретінде атап өткен. Тіпті топқа таяу уақытта ғана келген Мөлдір Әуелбекова қайта кетіп, оның орнына топқа енетін әнші қыз да табылған секілді. Ал Мөлдір Әуелбекова күні кеше ғана өткен "Алматы - іңкәрім менің" фестивалінде "Чарли періштелері" ("Ангелы Чарли") фильміндегі "Survivor" әнін КешYOU тобының құрамында бірге орындаған болатын.

Бұған дейін топ құрамына жақында келген Мөлдір Әуелбекова да "Ел аузында" бағдарламасына берген сұхбатында топтан әйтеуір бір күні кететінін айтып қалған еді. Ал Баян Есентаева осыдан үш күн бұрын желіге Айдана Меденовамен бірге әзірге бізге беймәлім Жұлдыз есімді бойжеткеннің суретін салып, көп нүкте қойған еді. Бұл суреттің астына танымал продюсердің instagram-дағы оқырмандары бұл бейтаныс арудың Мөлдір Әуелбекованың орнын басатынын айтып, болжам да жасады. 

Естеріңізге сала кетсек, Баян Есентаева осыдан екі ай бұрын Мөлдір Әуелбекованы "КешYOU" тобына қайтып қабылдағанын мәлімдегенАл қыздардан тұратын топтың бас солисі Жанар Дұғалова Баян Есентаеваның продюсерлігінде жеке әнші ретінде өнер көрсететін болғаны туралы хабарлаған едік.

 

Автор: Ардақ Құлтай

Сурет: instagram.com

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 521 | Рейтинг: 0.0/0