Главная » Статьи » Музыка

Қайрат Нұртас ЕҰУ магистранты атанды

 

Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына оқуға түсті. Бұл туралы эстрада жұлдызының instagram әлеуметтік желісіндегі фан-клуб парақшасы хабарлап отыр.

Қайрат Еуразия ұлттық университетінің магистратурасына түсті. Ол бүгін бірінші сабағына қатысты, - деп хабарлаған.

Осыған дейін әншінің өзі instagram әлеуметтік желісінде ағылшын тіліндегі сынақтан 85 балл жинаған сертификатын көрсеткен болатын. Суретке жазылған пікірінде әнші «Өте қуанып отырмын» деген еді. Ал біз осы жылы оқуға түскен Қайраттан өзге әншілер мен басқа да саладағы танымал адамдардың қайда оқуға түскенін, қайда оқып жатқандығын анықтап көрген болатынбыз. Сонымен қатар, 10 қыркүйек күні Өскеменде еліміздің эстрада жұлдыздары мен Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігі қызметкерлері арасында қала күніне орай футболдан жолдастық кездесу өтеді. Ойынға «жұлдызды команда» құрамындаҚайрат Нұртас та қатысқалы отыр.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет:art.gazeta.kz

Категория: Музыка | Добавил: Nurken771 (01.11.2014)
Просмотров: 411 | Рейтинг: 0.0/0